АСТАНА, 23 қыркүйек – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеген сөзінде Украинадағы қақтығысты тоқтату үшін аянбай жұмыс істеп жатқанын айтты, деп хабарлады РИА Новости.
"Мен де Украинадағы адам шығынын тоқтату үшін тынымсыз жұмыс істеп жатырмын. Бұл қақтығыс мен тоқтатқан жеті соғыстың бірі болады деп ойладым. Мен президент Путинмен әрқашан жақсы қарым-қатынаста болғандықтан, бұл ең оңай болады деп ойладым", - деді Трамп.
БҰҰ Ассамблеясындағы сөзінде Трамп ұйымның әлемдегі қақтығыстарды реттеу бойынша жұмысына көңілі томайтынын да жеткізді.
Сонымен қатар АҚШ президенті Украинадағы қақтығыстың өршуіне Қытай мен Үндістанды да айыптады.
"Қытай мен Үндістан Ресей мұнайын сатып алуды жалғастыра отырып, жалғасып жатқан соғыстың басты демеушілері болып отыр", - деді ол Бас Ассамблея мінберінен сөйлегенде.