АСТАНА, 23 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-қа сапары аясында Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесу өткізді, деп хабарлады Ақорда.
"БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы алаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскиймен кездесті", - деп жазылған хабарламада.
Мемлекеттер басшылары екіжақты экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Владимир Зеленский Украинадағы жағдайға байланысты көзқарасын жеткізді.