АСТАНА, 23 қыркүйек – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров картоп пен сәбіздің бастапқы бағасын атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Биыл 2,7 млн тонна картоп жиналады деген болжам бар. Осы уақытқа дейін 1,8 млн тоннасы жиналды.
"Фермерлерде картоптың бір келісі 90-120 теңге тұрады. Сондай-ақ 700 мың тоннадан астым пияз жиналды. Келісі 50-60 теңгеге сатылады", - деді Сапаров үкіметтің бүгінгі отырысында.
Ал 300 мың тонна сәбіз жиналған. Фермерлер оның бір келісін 85-95 теңгеге сатып жатыр.
Айта кетері, бұған дейін үкімет 2026 жылдың көктемінде картоп бағасы 185 теңгеден аспайтынын айтқан болатын.