Министрлер сиыр етін қаншаға сатып алғанын айтты

Ауыл шаруашылығы министрі сиыр еті 4 мың теңге тұратынын айтты
Sputnik
АСТАНА, 23 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның сауда және ауыл шаруашылығы министрлері сиыр етін қаншаға сатып алғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев жақында ғана Астанадағы "Sauran" базарынан сиыр етін сатып алыпты.
"Мен бір аптадай бұрын алдым. Кесек етті 4 200 теңгеге берді. Әрине, кесек еттің өзін ғана бермейді, "суп-наборды" да қосып сатады. Сосын "Sauran-ды" арзан базар деуге болмайды. Жалпы, бүгінде сиыр етінің орташа бағасы 3 100-3 700 теңгенің маңайында", - деді Шаққалиев үкіметте өткен брифингте.
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров базарға бармайды екен.

"Етті менің жұбайым сатып алады. Келісі шамамен 4 мың теңге тұрады", - деп атап өтті Сапаров.

Айта кетері, осы аптада республика бойынша "БерекеFest" акциясы басталады. Соның аясында етті нарықтан төмен бағада сатып алуға мүмкіндік болады.
Cиыр еті нарығындағы жағдайға байланысты жедел желі іске қосылды