АСТАНА, 23 қыркүйек – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров элеваторларға түскен астықтың көлемін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі кезде республика бойынша астық сақтау көлемі 30 млн тоннаны құрайды.
"Лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарына жаңа астықтан 3,1 млн тонна түсті. Бұл өткен жылдың көрсеткішінен екі есе артық", - деді Сапаров үкіметтің бүгінгі отырысында.
Министрдің айтуынша, сақтауға түскен астықтың 60 проценті - жоғары сұрып, 28 проценті - IV сұрып, ал V сұрып пен одан төмен астықтың көлемі 12 процентті құрайды.