Маңғыстаудың жерасты мешіттері ЮНЕСКО тізіміне енгізіледі

Бес тарихи және рухани нысан халықаралық ұйымның тізіміне енгізілген
Sputnik
АСТАНА, 22 қыркүйек-Sputnik. Маңғыстау түбегінің жерасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізіледі, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Маңғыстау облысында осындай бес мешіт бар:
Бекет-ата;
Караман-ата;
Шақпақ-ата;
Шопан-ата;
Сұлтан-үпі.
Ескерткіштер 2021 жылы ЮНЕСКО-ның алдын-ала тізіміне енгізілді. 2025 жылы олардың ғылыми-жобалық құжаттамасы әзірленіп, ұйымның Париждегі штаб-пәтеріне жіберілді. Сонымен қатар, қорғауға арналатын аумақтары анықталды, ақпараттық стендтер орнатылды, фото және бейнематериалдар дайындалды.
Нұрдәулет Қилыбай - Маңғыстау облысының әкімі
Әкімдікте осы мәселе бойынша халықаралық сарапшылар – ИКОМОС техникалық бағалау миссиясының өкілдерімен кездесу өтті.
ИКОМОС – ескерткіштер мен тарихи орындар жөніндегі халықаралық кеңес.
Маңғыстаудың жерасты мешіттері ЮНЕСКО тізіміне енгізіледі
Бұл нысандардың Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енуі - еліміздің тарихи қазынасын сақтап қана қоймай, еліміздің мәдени және экономикалық дамуына серпін береді, деп атап өтті Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай.
Бекет Ата жерасты мешітіне автоматты қондырғы орнатылуы мүмкін