АЛМАТЫ, 22 қыркүйек - Sputnik. Алматыдағы автобустардың бірінде жасөспірім қыздарға ер адам анайы қылық көрсеткен.
Желіде тараған бейнежазбаны жасөспірімдердің бірінің анасы жариялаған. Оның айтуынша, орта жастан асқан ер адам 13 жастағы қызға қарап отырып, мастурбация жасаған. Келеңсіз жағдай Алматыда №135 автобуста болған.
Қазіргі уақытта ер адам іздестіріліп жатыр.
"Бұл дерек бойынша жергілікті полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп жатыр. Ер адамның кім екені анықталды, оны ұстау және қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тарту шаралары жүргізілуде", - дейді ведомство.
Қоғамдық орындардағы мұндай әрекеттер - тәртіпті өрескел бұзу, айналадағылардың қадір-қасиетін қорлау саналады, дейді полиция.