Вьетнамдық Дык Фук "Интервидение" ән байқауында жеңіске жетті

Халықаралық байқау Мәскеудегі Live Арена алаңында өтті
Sputnik
АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. Вьетнамдық әнші Дык Фук "Интервидение" ән байқауында жеңіске жетті.
Дык Фук "Интервидение" байқауында ән салып тұр
Қырғызстан екінші орынға жайғасты, Қатар үздік үштікті түйіндеді.
"Интервидение" – 1960 жылдардан бастау алған көпжылдық тарихы бар байқау. "Интервидение" ән байқауын 2026 жылы Сауд Арабиясы өткізеді, деп хабарлады ұйымдастырушылар.
"Біз Сауд Арабиясы Корольдігінің 2026 жылы "Интервидение" ән байқауын өткізуге дайын екенін қуана хабарлаймыз", - деді жүргізуші Аида Гарифуллина.
Мәскеудегі конкурсқа 23 мемлекет қатысты. Қазақстан атынан Amre есімімен танымал әнші Ернар Садырбаев, Ресей атынан әнші Shaman қатысты.
Қазақстандық әнші Amre (Ернар Садырбаев) "Интервидение" байқауына қатысты
Конкурсты Алексей Воробьев пен Аида Гарифуллина жүргізді. Актриса Стефи Патель мен тележүргізуші Мэнг Лэй халықаралық жүргізуші болды.
Тележүргізуші Мэнг Лэй, әнші Аида Гарифуллина, актриса Стэфи Патель және әнші Алексей Воробьев "Интервидение" байқауын жүргізді
Байқау алдында Ресей президенті Владимир Путин бейнеқұттықтау жолдады.
Концертті Дима Билан мен Полина Гагарина "На заре" әнімен ашты.
Концертті Дима Билан мен Полина Гагарина "На заре" әнімен ашты
Байқау ережесі егжей-тегжейлі сипатталған:
әр ел бір әртісті таңдайды;
ән екіден үш минутқа дейін созылуы керек;
сахнада алты адамнан және екі "жанды" аспаптан көп болмауы керек.
Әншілерге қойылатын талаптар:
16 жастан жоғары;
ұлттық жұлдыз;
музыкалық жүлделердің лауреаты;
телеконцерттердің тұрақты қатысушысы;
әндері радиода үнемі қойылған;
YouTube-те көп қаралған.
Жеңімпазды әр елден бір сарапшыдан тұратын халықаралық кәсіби қазылар алқасы анықтады. Өз елі үшін дауыс беруге тыйым салынады, нәтиже жабық жүйеде тіркеледі және тек сахнада жарияланады.
1 / 9

"Интервидение" халықаралық ән байқауы

2 / 9

"Интервидение" халықаралық ән байқауы

3 / 9

"Интервидение" халықаралық ән байқауы

4 / 9

"Интервидение" халықаралық ән байқауы

5 / 9

"Интервидение" халықаралық ән байқауы

6 / 9

"Интервидение" халықаралық ән байқауы

7 / 9

"Интервидение" халықаралық ән байқауы

8 / 9

"Интервидение" халықаралық ән байқауы

9 / 9

"Интервидение" халықаралық ән байқауы

Жеңімпазға 194,7 миллион теңге (359 800 АҚШ доллары) көлемінде ақшалай сыйлық беріледі. Сондай-ақ БАҚ мәртебесі мен серіктес сыйлықтарын алады.