АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан батуттағы гимнастикадан Әлем кубогы кезеңінде жеңіске жетті, деп хабарлайды спорт комитеті.
Қазақстан құрамасы батуттағы гимнастикадан Германияның Котбус қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде жүлдегер атанды.
Қазақстандық спортшылар синхронды секіруден алтын медаль жеңіп алды.
Қазақстандық Данил Мусабаев пен Никита Тумаков 52,200 ұпай иеленді.
Екінші орынды Германия спортшылары Кайо Локстерман мен Фабиан Фогель (52,050) алды.
Үшінші орынға Ұлыбритания спортшылары Зак Перзаманос пен Кори Уолкс (51,530) тұрақтады.