Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Зеленский шабуылдау әскерлері құрылатынын хабарлады

Sputnik
АСТАНА, 20 қыркүйек – Sputnik. Украина президенті қарулы күштердің жеке тармағы ретінде шабуылдау бөлімшелері құрылатынын жариялады, деп жазады РИА Новости.
"Енді жеке шабуылдау әскерін құрамыз. Осындай шешім қабылданды. Қазір барлығы дайындалып жатыр, менің ойымша, бір аптада немесе он күнде құрылады", - деп келтірді Зеленскийдің сөзін Украинаның " Общественное " телеарнасының сайты.
Зеленскийдің айтуынша, қазірдің өзінде шабуылдау бөлімшелерін қарулы күштердің жаңа тармағы ретінде заңды түрде рәсімдеу туралы шешім қабылданған.