АСТАНА, 20 қыркүйек – Sputnik. 15-19 қыркүйек аралығында Мәскеуде "Россия сегодня" медиатобының кеңсесінде ТМД елдерінің журналистеріне, блогерлеріне, smm және pr-мамандарына арналған бағдарламаның биылғы соңғы модулі өтті.
Қатысушылар заманауи медиа жұмысының негізгі бағыттары бойынша агенттіктің жетекші қызметкерлерінен 13 шеберлік сабағы мен дәрісті тыңдады. Telegram-арналарды құруға арналған іскерлік ойын аясында қатысушылар жаңа дағдылар мен білімдерін бірден тәжірибеде қолданды.
Қатысушыларға Telegram арнаның концепциясы мен тақырыбын ойлап табу, әртүрлі форматтағы жазбаларды жариялау, түрлі ілгерілету тәсілдерін барынша пайдалану және бес күн ішінде мүмкіндігінше көп жазылушы жинау қажет болды. Оқыту бағдарламасының соңғы күнінде – арнаны таныстыру және Sputnik сарапшыларынан кәсіби тұрғыдан толық кейс талдау өтті.
Қатысушылар заманауи медиа жұмысының негізгі бағыттары бойынша 13 шеберлік сабағы мен дәрісті тыңдады
© Sputnik Белоусов В./Девахина М.
Көптеген қатысушы үшін мұндай жобалық жұмыс БАҚ-тағы бүгінгі күнде ең сұранысқа ие бағыттардың бірі – Telegram-арнаның редакторы ретінде өзін сынап көруге алғашқы мүмкіндік болды.
"SputnikPro на Зубовском" – бұл журналистер үшін нағыз "жаңа деңгей". Біз Telegram-нан бастап нейрожелілерге дейін көп нәрсені білдік. Бағдарлама өте қызықты, уақытымызды өте нәтижелі өткіздік. Жаңа білім алып, өз қателіктерімізді көрдік– бұл өте пайдалы", – деді қазақстандық қатысушы Аяулым Айдаболова.
Алайда Мәскеуде жобаға қатысушылар тек жаңа білім мен дағдыларды ғана алып қоймайды. Жылдан жылға бағдарламаның түлектерінен құралған кәсіби әрі достық қауымдастық кеңейіп келеді.
"Семинар үшін ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз, мұнда біз өте көп инсайт алдық", – деді тағы бір қазақстандық Айгүл Өзекова.
Қыркүйек айындағы бағдарламаға Абхазия, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстаннан журналистер қатысты.
Үш жыл ішінде Мәскеудегі кеңседе "SputnikPro на Зубовском" бағдарламасының 12 модулі өтті. Осы уақыт ішінде 11 елден 144 журналист агенттіктің жұмысымен танысып, кәсіби біліктіліктерін арттырды.