Өскеменде қызмет барысында қаза тапқан полицейлерге арналған мурал ашылды

Мурал тәуелсіздік жылдарында қаза тапқан 29 шығысқазақстандық полицейдің рухына арналды
Sputnik
АЛМАТЫ, 20 қыркүйек - Sputnik. Өскеменде қызметтік борышын атқару барысында қаза тапқан полицейлердің құрметіне арналған мурал ашылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Шығыс Қазақстан облысының орталығындағы көпқабатты үйлердің бірінің қабырғасын облыстық полиция департаментінің бастамасымен және қала әкімдігінің қолдауымен жасалған арт-нысан әсемдеді.
Мурал в память о погибших при исполнении полицейских открыт в Усть-Каменогорске
Композицияның орталық бейнесі – "Ер есімі — ел есінде" деген жазуы бар полиция қызметкерінің силуэті. Бұл тұрақтылық пен қызметке деген адалдықты білдіреді.
Мурал Қазақстан тәуелсіздігі жылдарында қызметтік борышын абыроймен атқарып жүріп қаза тапқан 29 шығысқазақстандық полицейдің рухына арналды.
Мурал в память о погибших при исполнении полицейских открыт в Усть-Каменогорске
Муралдың ашылу күні қатардағы әріптестермен бірге қаза тапқан полицейлердің туған-туыстары да болды. Қызметкерлердің жұбайлары полиция департаменті олардың отбасыларын назардан тыс қалдырмай, ұзақ жылдар бойы байланысын үзбей келе жатқанын айтты.