Жамбыл облысында 900 мың қорап заңсыз темекі тәркіленді

Заңсыз тауарды пойызбен алып өтпек болған
Sputnik
АЛМАТЫ, 19 қыркүйек – Sputnik. Жамбыл облысында шекарада заңсыз темекі тәркіленді, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
12 қыркүйекте Жамбыл облысындағы шекарада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі жүк пойызын тексеру барысында 890 980 темекі қорабын тапты.
"Темекі бұйымдарын құрылыс материалдары түрінде мемлекеттік шекарадан ілеспе құжаттарсыз алып өтпек болған. Алдын ала бағалау бойынша тауардың құны 600 млн теңгеден асады", - дейді ведомство.
Жүк вагоны ажыратылып, процессуалдық әрекеттер жүргізіліп жатыр.
Қазақстанда халықтың 17,5%-і темекі шегеді