Қазақстан малайзиялық капиталды ЕАЭО экономикасына инвестиция салуға шақырды

Қазақстан өкілдері өз өнімін Малайзияға бәсекеге қабілетті бағамен жеткізуге дайын екендіктерін айтты
Sputnik
АЛМАТЫ, 19 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан алғаш рет Малайзиядағы халал өнімдерді ілгерілету бойынша әлемдегі ең ірі мамандандырылған платформа саналатын MIHAS халықаралық көрмесіне қатысты, деп хабарлайды АРК жаңалықтар агенттігі.
"Қазақстанның іс-шараға қатысудағы мақсаты – халал өнімдер өндірісінің халықаралық жүйесіне кіру және Оңтүстік-Шығыс Азия өңіріндегі сауда позицияларын нығайту", - делінген хабарламада.
Іс-шара барысында Қазақстан сауда министрі Малайзияның ауыл шаруашылығы министрімен кездесті.
Қазақстан өкілдері өз өнімін Малайзияға бәсекеге қабілетті бағамен жеткізуге дайын екендіктерін растады. Сондай-ақ халал саласында стандарттаумен және сертификаттаумен айналысатын малайзиялық ұйым қазақстандық халал стандарттарын мойындағаны аталып өтті.
Қазақстан билігі Малайзияның бизнестің Азия нарықтарына шығуына ықпал ететін өңірдегі негізгі ойыншы ретіндегі маңызын жоғары бағалап, малайзиялық капиталды Қазақстан мен ЕАЭО мемлекеттерінің экономикасына инвестиция салуға шақырды.