"Қатаң тосқауыл қойылады": Тоқаев тіл мәселесіне тоқталды

Оның айтуынша, Қазақстан осы тектес жаһандық проблемаларды жіті бақылап отырады
Sputnik
АСТАНА, 17 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда тұратын халықтардың тілін еркін қолдануға қарсы әрекеттерге қатаң тосқауыл қойылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Астанада әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезінің пленарлық отырысында президент кейбір мемлекеттерде әсіре ұлтшылдық пен жалған патриотизмнің күн санап белең алуына алаңдаушылық білдірді.
"Қалыптасқан түсініктердің көз алдымызда өзгеруі жастарды адастырады. Бір жағынан біз құқықтық консервативті және либералды идеологиялардың қақтығысына куәміз. Бұл бірқатар елді саяси тұрақсыздыққа әкеледі", - деді Тоқаева.
Оның айтуынша, Қазақстан осы тектес жаһандық проблемаларды жіті бақылап отырады.
"Бұл – ішкі саясатымыздың негізгі өзегі. Түрлі этнос, дін және ұлт өкілдері арасында толеранттылық пен өзара құрмет саясатын жүргізу маңызды деп санаймын. "Бірлігіміз – әр алуандықта" ұстанымына зиян келтіріп, оған күйе жаққысы келетін, соның ішінде мемлекеттік қызметте және қоғамдық орында елімізді тұрақты мекен ететін халықтардың тілін еркін қолдануға қарсы әрекеттерге қатаң тосқауыл қойылады. Оған “Заң және тәртіп” қағидатына сай құқықтық баға беріледі", – деді Тоқаев.
Тоқаев Израильден келген дін басшыларының ұмтылысын жоғары бағалады