АСТАНА, 17 қыркүйек – Sputnik. ЕО қаржы министрлері осы аптада Копенгагенде өтетін кездесуде Ресейдің бұғатталған активтерін пайдалану мәселесін талқылауы мүмкін, деп хабарлады Bloomberg ақпарат көздеріне сілтеме жасап.
"Бұл мәселені осы аптада Копенгагенде өтетін кездесуде ЕО қаржы министрлері көтереді деп жоспарланып отыр", - деп жазды басылым.
Хабарламада 23-24 қазанда өтетін Еуроодақ лидерлерінің саммитінде "ең дұрыс" шешім қабылдануы керектігі аталып өткен.
Украинадағы қақтығыс басталғаннан кейін ЕО және G7 елдері Ресейдің валюта қорының жартысына жуығын – 300 миллиард еуроны бұғаттады. ЕО-да 200 миллиард еуродан астам қаражат, оның негізгі бөлігі Бельгияның Euroclear шоттарында жатыр. Еурокомиссия өкілі Маркус Ламмерт тамыз айының соңында Ресейдің тыйым салынған активтерінен түскен 9 миллиард еуроның қаңтар айынан бастап Киевке жіберілгенін хабарлады.