АСТАНА, 17 қыркүйек – Sputnik. Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен АҚШ президенті Дональд Трамппен Ресейге "экономикалық қысымды арттыруды талқылағанын айтты, деп хабарлады РИА Новости.
"Мен АҚШ президенті Дональд Трамппен Ресейге экономикалық қысымды күшейту бойынша бірлескен күш-жігерімізді қосымша шаралар арқылы арттыру жөнінде сөйлестім. Комиссия жақын арада криптовалютаға, банктерге және энергетикаға бағытталған 19-шы санкциялар пакетін ұсынады... Комиссия ресейлік қазба отынынан кезең-кезеңмен бас тартуды жеделдетуді ұсынады", - деп жазды Еурокомиссия басшысы X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Ресей Батыстың Ресейге бірнеше жыл бұрын жасап бастаған және одан әрі күшейіп келе жатқан санкциялық қысымына елдің төтеп беретінін бірнеше рет мәлімдеген.
Сонымен қатар АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізу мәселесі Мәскеудің әрекетіне байланысты болатынын айтты. Дегенмен ол Ресейге қарсы қосымша санкциялар енгізудің тиімділігіне күмән келтірген болатын.
Батыс елдерінің өзінде Ресейге қарсы санкциялардың тиімсіз екендігі туралы пікірлер бірнеше рет айтылды. Ресей президенті Владимир Путин бұған дейін Ресейді тежеу және әлсірету саясаты Батыстың ұзақ мерзімді стратегиясы екенін және санкциялардың бүкіл әлемдік экономикаға ауыр соққы бергенін мәлімдеген.