АСТАНА, 15 қыркүйек — Sputnik. Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путинмен бетпе-бет кездесуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости. Бұл туралы ол CNN журналисі Фарид Закарияға берген сұхбатында айтты.
"Кейде бұл аса қажет болады. Тіпті сұхбаттасатын адамыңның жүзі ұнамаса да, оны орындау қажет", - деді Зеленский.
Сонымен бірге Киев режимінің басшысы америкалықтар немесе еуропалықтар арқылы емес, олардың қолдауымен сөйлескісі келетінін айтты.
Путин Қытай жасаған сапарының қорытындысы бойынша журналистермен әңгімелесу барысында егер Зеленский кездесуге дайын болса, Мәскеуге келсін деді.
Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров егер кездесу президенттің күн тәртібін де қамтитын болса, Ресей басшысының Зеленскиймен кездесуге дайын екенін айтты.