Семейде жүк көлігі жартылай жердің астына түсіп кетті

"Shacman" маркалы жүк көлігінің 37 жастағы жүргізушісі аталған учаскеден өтіп кетпекші болды
Sputnik
АСТАНА, 15 қыркүйек — Sputnik. Семей қаласында жүк көлігі үлкен шұңқырға түсіп кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Облыстық полиция ұсынған ақпаратқа сәйкес, 14 қыркүйекте Ибраев пен Уранхаев көшелерінің қиылысында жол-құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде жылу торабына жақын маңда жол жамылғысы опырылып түскен.
"Shacman" маркалы жүк көлігінің 37 жастағы жүргізушісі аталған учаскеден өтіп кетпекші болды. Бірақ пайда болған шұңқырға жартылай түсіп кеткен.

"Оқиға орнына дереу жеткен полиция қызметкерлері аумақты қоршап, қауіпсіздік шараларын қабылдады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", - дейді тәртіп сақшылары.

Осы оқиға кезінде ешкім зардап шеккен жоқ. Материалдық шығын ғана тіркелген.
Теміржол өткелінде жүк көлігі тепловозға соғылып, пойыздар кешікті