Қазақстан туы Азиядағы ең биік жанартаудың шыңында желбіреді

Иранда орналасқан жанартаудың биіктігі – 5 671 метр
Sputnik
АСТАНА, 13 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандық альпинист Ғалымжан Құспанов еліміздің туын Азияның ең биік жанартауы – Демавенд шыңына шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "AMANAT" партиясының сайтына сілтеме жасап.
Иранда орналасқан жанартаудың биіктігі – 5 671 метр. Альпинист Ғалымжан Құспановтың айтуынша, әрбір шың - мінез үшін сынақ қана емес, Қазақстанды әлемге танытудың тағы бір мүмкіндігі.
"Қолыңдағы көк байрағын Азияның ең биік шыңында желбірегенде керемет бір күш пен жауапкершілікті сезінесің. Бұл менің жеке жеңісім емес, біздің бірге екеніміздің, шыңдарға ұмтылатынымыздың белгісі", - дейді Құспанов.
Осылайша, Ғалымжан Құспанов әлемдегі ең биік деген жеті шыңның алтауына (Эверест – 8848 м, Эльбрус – 5642 м, Аконкагуа – 6962 м, Винсон – 4892 м, Карстенз – 4884 м, Килиманджаро – 5895 м.) және ең биік жеті жанартаудың алтауына (Сидлей – 4285 м, Охос-дель-Саладо – 6893 м, Гелуве – 4368 м, Килиманджаро, Эльбрус, Демавенд - 5609 м) шығып отыр.
Қазақстандық қыз Антарктиданың ең биік шыңын бағындырды