АСТАНА, 13 қыркүйек – Sputnik. Өрт сөндірушілер робот-құтқарушыны меңгеріп жатыр, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.
Солтүстік Қазақстан облысында өрт сөндірушілердің жеке құрамымен практикалық сабақтар өтті. Бұл сабақтарда ерекше техника — өрт сөндіруге арналған робот-құтқарушыны пайдалану үйретілді.
Өрт сөндірушілер робот-құтқарушыны меңгеріп жатыр
Оқу-жаттығу барысында мамандар роботтың нақты қалай жұмыс істейтінін көрсетіп, оның мүмкіндіктері мен басқару қағидаттары туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Қашықтықтан басқару пультінен лафеттік оқпан арқылы су беруді көрсетуге ерекше назар аударылды.
Бұл робот адам өміріне қауіп төнген жерлерде, жарылыс қаупі төнген немесе зиянды заттары бар аймақтарда өрт сөндіру үшін пайдаланылады, дейді құтқарушылар.
Ол өрт сөндіру заттарын өрт сөндірушілер үшін қауіп-қатерді барынша азайтып, қауіпсіз қашықтықта беруге қабілетті.