Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Жапония Ресей мен Беларуське қарсы санкцияларды кеңейтті

Ел билігі жаңа санкциялардың мақсаты "Украина төңірегіндегі проблеманы шешуге үлес қосу" екенін мәлімдеді
Sputnik
АСТАНА, 12 қыркүйек – Sputnik. Жапония "Украинадағы жағдайға байланысты" Ресейдің 52 ұйымы мен 10 жеке тұлғасына, сондай-ақ Беларусьтің үш ұйымына қарсы санкциялар салады, деп жазылған СІМ баспасөз хабарламасында.
Құжатта аталған ұйымдар үшін төлемдер мен капиталдық операцияларға шектеулер қарастырылғаны аталып өткен. Оларды жүзеге асыру үшін Жапония Сыртқы істер министрлігінің арнайы рұқсаты қажет болады.
Жапония үкіметінің бас хатшысы баспасөз мәслихаты барысында Ёсимаса Хаяси Ресейге қарсы жаңа санкциялардың мақсаты "бейбітшілік жолындағы, соның ішінде Украина төңірегіндегі проблеманы шешуге үлес қосу" екенін мәлімдеді.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Зеленский Ресейге санкция арқылы қысым көрсетуді тезірек бастауға шақырды