Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Трамп Ресейге қарсы ықтимал санкциялар туралы айтты

Бұл банктерге салынған, мұнай секторына қатысты санкциялар және баж салығы тұрғысынан ауыр соққы болады
Sputnik
АСТАНА, 12 қыркүйек – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейге қарсы жаңа шектеулер жайында айтты, деп хабарлады РИА Новости.
"Бұл банктерге салынған, мұнай секторына қатысты санкциялар және баж салығы тұрғысынан ауыр соққы болады", - деді ол Fox News телеарнасына берген сұхбатында Ресейге қарсы ықтимал жаңа шектеулер туралы сұраққа жауап беріп.
Трамп бұған дейін де Ресей мұнайын сатып алғаны үшін Үндістанға 50 пайыздық баж салығын енгізгенін айтып, мұны "Нью Делимен келіспеушілік тудырған маңызды қадам" деп атады.
"Мұны жасау оңай болған жоқ", - деп мойындады америкалық көшбасшы.
Сонымен қатар Трамп Ресей президенті Владимир Путинге қатысты шыдамы да таулысуға жақын екенін айтты.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Трамп Путинмен қашан сөйлесетінін айтты