Ғарыштық жүк көлігі Халықаралық ғарыш станциясына 2516 кг жүк, оның ішінде 1176 кг аппаратура мен жабдықтар, ғарышкерлерге арналған азық-түлік пен киім-кешек, медициналық және санитарлық-гигиеналық құралдар, сондай-ақ станцияға жанармай құюға 870 кг отын, 420 литр ауыз су және атмосфераны толтыру үшін 50 кг ауа жеткізеді.
Сонымен қатар, Халықаралық ғарыш станциясына ғарышта жұмыс істеуге арналған Орлан-МКС №7 скафандры жеткізіледі.