АСТАНА, 11 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысы Іле ауданында жарылыстан үш адам қайтыс болды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Іле ауданында орналасқан металл қабылдау пункттерінің бірінде белгісіз зат жарылған.
"Белгісіз зат жарылып, салдарынан үш адам қаза тапты. Олардың денелері оқиға орнынан табылды", - дейді ведомстводағылар.
Оқиға болған жерге жедел түрде полиция, өрт сөндірушілер және жедел жәрдем қызметі келді.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.