Қазақстан тағы бір мемлекетке қылмыскерлерді ұстап береді

Sputnik
АСТАНА, 10 қыркүйек – Sputnik. Мәжілістің қарауына Қазақстан мен Перу Республикасы арасында қылмыскерлерді ұстап беру мен сотталған адамдармен алмасуға қатысты келісімдер түсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Төменгі палата депутаттары үш бірдей келісімді қарайды.
қылмыскерлерді ұстап беру;
сотталған адамдармен алмасу;
екі ел арасында қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шарт жасасу.
Бұған дейін үш келісім де рәсімделген. Ал заң бойынша парламент барлық мемлекетаралық келісімдерді ратификациядан өткізеді.
Айта кетері, бұған дейін мәжіліс Қазақстан мен Марокко арасындағы қылмыскерлерді ұстап беруге қатысты келісімдерді жұмысқа алған болатын.
Қазақстан тағы бір елмен қылмыскерлерді ұстап беруге келісті - заң мәжіліске түсті