АСТАНА, 10 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанға мемлекеттік сапармен Конго Демократиялық Республикасының президенті келді.
Конго Демократиялық Республикасының президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
© Sputnik
Қасым-Жомарт Тоқаев Феликс Чисекедимен кездесуде оның алғашқы мемлекеттік сапары екі ел арасындағы қатынастардың дамуына жаңа серпін беретінін атап өтті.
"Қазақстан Сіздің еліңізді Африка құрлығындағы маңызды серіктес ретінде қарастырады және екіжақты ынтымақтастықты жан - жақты дамытуға мүдделі", - деді Тоқаев.
Конго Демократиялық Республикасының президенті келіссөздер нәтижесінде екі елдің байланысы нығая түсетініне сенімді екенін жеткізді
"Мен екі ел, жалпы алғанда, Африка аймағы мен Орталық Азия арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында сапармен келдім. Әрине, біздің мемлекеттеріміз бір бірінен алыста орналасқан. Дегенмен осындай сапарлар бізді жақындастырып, бір-бірімізді жіті тануға мүмкіндік береді", - деді Феликс Чисекеди.
Президенттер халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.