АСТАНА, 9 қыркүйек – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жүйесін нарықтық бағытқа келтіру қажеттігін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі кезде үкімет энергетика мен тұрғын үй-шаруашылық инфрақұрылымын басқарудың жаңа моделін құрып жатыр.
“Ол тарифтер өскен сайын көрсетілетін қызметтердің сенімділігі мен сапасын көтереді. Бұл, әрине, саланың инвестициялық тартымдылығын арттыруға ықпал етеді. Бұрын қабылданған, тежелген тарифтер моделі жабдықтардың әбден тозуына және апаттылықтың қауіпті деңгейіне алып келді”, - деді Бектенов.
Сондықтан ол, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жүйесін нарықтық бағытқа келтіруге міндеттіміз, деді.