Қазақстанда криптовалютаға қатысты маңызды өзгерістер қабылданады

Министрлік криптоиндустрияны дамытуға бағытталған бірқатар бастамаларды іске асырып жатыр
Sputnik
АСТАНА, 9 қыркүйек – Sputnik. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев криптоиндустрияны дамыту жоспарын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі кезде министрлік заңнамалық өзгерістерді әзірледі. Соның аясында криптоиндустрияны либерализациялау және цифрлық майнинг индустриясына инвестициялар тарту жоспарланған.
Негізгі түзетулер:
Қазақстан аумағында криптовалютаны шығару және оның айналымын заңдастыру;
Криптоайырбастауды лицензиялау;
АХҚО-да майнерлер өндірген цифрлық активтерді сату туралы міндеттемені алып тастау.
Сонымен қатар, министрлік криптоиндустрияны дамытуға бағытталған бірқатар бастамаларды іске асырып жатыр. Олар:
CryptoCity;
мемлекеттік майнинг;
криптоқор;
ұлттық валютадағы стейблкоин;
нақты активтерді токендеу.
Smart city мен криптовалюта: Алатау елдегі толығымен цифрландырылған қалаға айналады