Мәскеу кәсіпкерлері қазақстандық серіктестермен ынтымақтастыққа мүдделі

Бұл туралы Ресейде өткен "Мәскеу - Қазақстан" бизнес-диалогында айтылды
Sputnik
АСТАНА, 9 қыркүйек – Sputnik. Ресей астанасында Алматы облысының әкімдігі, квазимемлекеттік сектор және бизнес ұсынған облыс делегациясының қатысуымен "Мәскеу - Қазақстан" бизнес-диалогы өтті.
Дәурен Абаев, Қазақстанның ресейдегі елшісі
Форумның мақсаты - екі өңірдің кәсіпкерлері арасында тұрақты коммуникациялар құру және іскерлік ынтымақтастық үшін жаңа бағыттарды қалыптастыру.
Кездесуге қатысушылар сауда-экономикалық байланыстар мен өнеркәсіптік кооперациядан бастап цифрлық трансформация, шағын және орта бизнесті қолдау, туризмді дамыту және мәдени алмасулар мәселелеріне дейінгі тақырыптардың кең ауқымын қарастырды.
Ресейде "Мәскеу - Қазақстан" бизнес-диалогы өтті
Форумды аша отырып, оның модераторы, "Мәскеу экспорттық орталығы" АКҰ Бас директоры Виталий Степанов Қазақстан дәстүрлі түрде экспорттық операциялар тұрғысынан Мәскеудің негізгі 3 серіктесінің қатарына кіретінін, сонымен бірге, барлық салалар даму үстінде екенін айтты. Осыған байланысты ол өтіп жатқан бизнес-диалогтың өзектілігі мен уақтылығын атап өтті.
Ресейде "Мәскеу - Қазақстан" бизнес-диалогы өтті
Өз тарапынан Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев жиналғандарды Республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуымен және сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерімен таныстырды.
Ол инвесторлар мен сауда серіктестері үшін Қазақстан экономикасының неғұрлым тартымды негізгі секторларын белгілеп өтті. Елші Елбасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі Қазақстан халқына Жолдауында ірі инвестицияларды тартуға ерекше назар аударғанын атады.
Ресейде "Мәскеу - Қазақстан" бизнес-диалогы өтті
Шарада Алматы облысы Цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Ақыл Жандос Қанатұлы цифрландыру бойынша негізгі жобаларды ұсынды.
"Алматы облысында заманауи цифрлық технологияларды енгізу жаңа деңгейге жетті, бұл өңірлік инфрақұрылымды басқарудың тиімділігін едәуір арттыруға және процестердің мониторингін сапалы жақсартуға мүмкіндік береді. Осы стратегия аясында "Алматы облысының цифрлық егізі" жобасы сәтті жүзеге асырылды", – деп бөлісті ол.
Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының вице-президенті Инна Апенко еліміздің Fashion-индустриясымен таныстырып, қазақстандық "Global Nomads" киім брендінің тұсаукесерін жасады.
Ресейде "Мәскеу - Қазақстан" бизнес-диалогы өтті
Іс-шара соңында іскерлік байланыстар биржасы өтті, онда іскерлік қоғамдастық өкілдері өзара іс-қимыл перспективаларын егжей-тегжейлі талқылады. Елшілік пен Алматы облысы әкімдігінің өкілдері ресейлік кәсіпкерлердің көптеген сұрақтарына жауап берді.
Санкт-Петербургтағы форум аясында "Қазақстан – Ресей" іскерлік диалогы өтті