АСТАНА, 9 қыркүйек – Sputnik. "Қайрат" пен "Реал" командалары арасындағы халықаралық футбол матчы қарсаңында Алматы қаласының полиция департаменті қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шаралар қабылдады.
Қызметке 2,5 мыңнан астам полиция қызметкері, сондай-ақ Ұлттық ұланның 300 әскери қызметшісі жұмылдырылады.
"Олардың міндеті – қоғамдық тәртіпті сақтау, жанкүйерлер мен матчқа қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жол қозғалысын реттеу", - дейді полиция.
Жол қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды.
"Орталық стадион маңында көлік қозғалысына шектеу қойылуы мүмкін, сондықтан қала тұрғындарынан бағыттарын алдын ала жоспарлап, уақытша шараларға түсіністікпен қарау сұралады", - делінген хабарламада.