Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Трамп Путинмен қашан сөйлесетінін айтты

Ол Украинадағы жағдайға көңілі толмайтынын айтты
Sputnik
АСТАНА, 8 қыркүйек – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп алдағы бірнеше күн ішінде Ресей президенті Владимир Путинмен сөйлесуді жоспарлап отырғанын айтты.
"Жақында. Алдағы бірнеше күн ішінде сөйлесемін", - деді Трамп журналистерге ресейлік көшбасшымен сөйлесуді жоспарлап отыр ма деген сұраққа жауап беріп.
Алайда Трамп Ресей қарулы күштерінің таяудағы соққылары жөніндегі ақпаратқа түсініктеме бере отырып, Украинадағы жағдайға көңілі толмайтынын айтты.
"Менің бұл жағдайға көңілім толмайды", - деді Трамп журналистерге.
Дегенмен, америкалық көшбасшы Украинадағы қақтығыс реттеледі деп есептейді. Сонымен бірге ол Украинадағы бейбітшілікке басты кедергі не деген сұраққа жауап бергісі келмеді.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Украинадағы қақтығысты шешуге жақсы мүмкіндік бар - Трамп