АСТАНА, 8 қыркүйек – Sputnik. Бүгін Астана уақытымен сағат 11:00-де Қазақстан президенті парламентте сөз сөйлейді, жыл сайынғы халыққа жолдауын жариялайды.
29 тамызда Конституцияның 30 жылдығына арналған шарада сөз сөйлеген мемлекет басшысы биылғы жолдау тақырыбын қысқаша айтты.
"Өздеріңіз білетіндей, 8 қыркүйекте мен халыққа жолдауды жариялаймын, онда мен еліміздің экономикалық және әлеуметтік саясатының ең маңызды мақсаттары мен міндеттерін айқындаймын", - деді Тоқаев.
Биылғы жолдауда президент Ішкі тұтыну нарығын дамытуға және жоғары қосылған құны бар өнім өндіруді ынталандыруға басымдық береді деп күтіліп отыр.
Жалпы сарапшылар да бүгін Тоқаевтан аса "тосын" немесе күтпеген мәлімдеме болмайды деп жорамалдады. Негізгі тақырыптар елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты болады, дейді сарапшылар.