Президент жасанды интеллект министрлігін құруды ұсынды

Жаңа министрлікті премьер-министрдің деңгейіндегі маман басқаруы керек, деді президент
Sputnik
АСТАНА, 8 қыркүйек – Sputnik. Президент қазіргі министрліктің негізінде жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құруды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінгі жолдау кезінде мемлекет басшысы цифрлық технологияларды дамыту қажеттігін ерекше атап өтті.
"Қазіргі құзырлы министрліктің негізінде жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру қажет деп санаймын. Жаңа министрлікті премьер-министрдің деңгейіндегі маман басқаруы керек", - деді Тоқаев халыққа арнаған жолдауында.
Ал үкімет экономиканың барлық саласын жаңғырту үшін жасанды интеллектіні жаппай енгізуі тиіс.
Тоқаев Қазақстанды үш жыл ішінде жаппай цифрлық елге айналдыру міндеті тұрғанын да айтты.
Бүгін президент Қазақстан халқына жолдауын жариялайды