Smart city мен криптовалюта: Алатау елдегі толығымен цифрландырылған қалаға айналады

"Alatau city" аймақта алғашқы толығымен цифрландырылған қалаға айналуы шарт
Sputnik
АСТАНА, 8 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау қаласына арнайы мәртебе беруді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінгі жолдау кезінде мемлекет басшысы Алатау қаласын "жалпыұлттық жоба" деп атады.

"10 күннің ішінде қалаға арнайы мәртебе беру туралы бұйрықтың жобасын әзірлеу керек. Ол тікелей үкіметке бағынады. Одан кейін жарты жылдың ішінде бөлек бір заңды қабылдау қажет. Онда қаланы басқару режимі, қаржылық моделі және басқа да мәселелер көрсетілуі шарт", - деді Тоқаев.

Оның айтуынша, "Alatau city" аймақта алғашқы толығымен цифрландырылған қалаға айналуы шарт.
"Онда Smart city технологияларынан бастап тауарлар мен қызметтер үшін криптовалютамен төлеу мүмкіндіктерге дейінгі барлығы болуы керек. Бұл қала болашақ Қазақстанның образы болады", - деді Тоқаев.
Президент жасанды интеллект министрлігін құруды ұсынды