Маңғыстауда мұнай-газ саласында 250 млн теңге жымқырған лауазымды тұлғалар сотталды

Сот кезінде айыпталушылар шығынды толық өтеген
Sputnik
АЛМАТЫ, 8 қыркүйек - Sputnik. Маңғыстау облысындағы мұнай саласында миллиондап қаржы жымқырғандар сотталды, деп хабарлайды Бас прокуратура.
Өткен жылы облыс прокуратурасы мұнай-газ кәсіпорындарында тексеру жүргізген.
"Oil Transport Corporation" серіктестігі қызметінде жабдықты қабылдау кезінде бұзушылықтар анықталып, сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды. Тергеу кезінде 3 адам ұсталды, оның ішінде кәсіпорын мен мердігер компания басшылары да бар", - дейді ведомство.  
Сот барлық жауапты мамандарды кінәлі деп танып, әртүрлі жаза тағайындады.
"Кәсіпорын бас директорының орынбасары лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланып, ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеті үшін сотталды. Сот оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Мердігер компанияның екі өкілі әрқайсысына 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы қолданылды", - дейді прокуратура.
Сот кезінде айыпталушылар 250 млн теңге көлемінде шығынды өтеген.
Түркістан облысында білім саласында 2,4 млрд теңге жымқырылған