Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Зеленский Путиннің Мәскеуге бару жөніндегі ұсынысына жауап берді

Бұл ретте ол "кез келген форматтағы кездесуге дайын" екенін айтты
Sputnik
АСТАНА, 7 қыркүйек – Sputnik. Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путиннің Мәскеуге бару жөніндегі ұсынысынан бас тартты, деп хабарлады РИА Новости.
"Мен келісөздер үшін Мәскеуге бара алмаймын", - деді Зеленский америкалық ABC телеарнасына берген сұхбатында.
Бұл ретте ол "кез келген форматтағы кездесуге дайын" екенін айтты.
Еске салайық, Ресей президенті Владимир Путин Шығыс экономикалық форумының пленарлық отырысында сұрақтарға жауап бере отырып, Украина тарапымен кездесуге қолайлы орын ретінде Мәскеуді атаған болатын.
"Егер бізбен шынымен кездескісі келсе, біз дайынбыз. Бұл үшін ең қолайлы орын - Ресей Федерациясының астанасы, батыр қала - Мәскеу", - деді Владимир Путин.
Ресей үшін де қауіпсіздік кепілдігі болуы керек - Путин