Талғардағы қанды оқиға: қылмыскер бала отырған көлікпен жардан құлап кеткен

Sputnik
АСТАНА, 7 қыркүйек – Sputnik. Талғарда бір күн бұрын ұрланған кішкентай қызға сәтті ота жасалды. Дәрігерлер баланың тілін тікті. Бұл туралы заңгер Гаухар Сарыева әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ол сондай-ақ қайғылы оқиғаның мән-жайын баяндады. Адвокаттың айтуынша, қылмыскер бала отырған көлікпен жардан құлап кеткен, қыз дене жарақатын сол кезде алған.
"Ол оған тиіспеген. Қызды құдай сақтады", - деп жазды Сарыева.
Адвокаттың айтуынша, ұрланған қыздың анасы медбике болып жұмыс істейді. Қылмыскер әйелдің бауырын ұрлап, өлтірген кезде ол көршісінің үйінде онкологиялық ауруға шалдыққан науқасқа дәрі егіп жатқан.
"Сол уақытта қылмыскер оны және баланы алып кетуге келген болуы мүмкін. Егер ол оны және баланы үйден тауып алғанда, не боларын елестете алмаймын", - деп жазды Сарыева.
Еске сала кетейік, Алматы облысы Талғар ауданы Қызыл қайрат ауылында ер адамды өлтіріп, кішкентай қызды ұрлап кеткен болатын.
Тергеу мәліметі бойынша күдікті мен жәбірленуші әйел бұрын жақын қарым-қатынаста болған. Олардың арасында жанжал болған, күдікті жәбірленушінің бауырына оқ атқан. Оқ тиген адам қайтыс болды.
Қылмыс жасалғаннан кейін күдікті кішкентай баланы ұрлап, қашып кеткен. Артынша күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Талғарда күдікті ер адамды атып өлтіріп, кішкентай қызды ұрлап кеткен