АЛМАТЫ, 7 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында өтіп жатқан садақ атудан әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігі.
Блокты садақ атудан командалық жарыста Адель Жексенбинова, Виктория Лян және Роксан Юнусова сайысқа түсті. "Қола" үшін өткен жекпе-жекте Ұлыбритания құрамасын 232:228 есебімен жеңді.
Айта кетейік, бұл - 32 жылдан кейінге жеңіс. 1993 жылы әлем кубогында Яна Тунянц классикалық садақ атудан қола медаль алған болатын.