АСТАНА, 6 қыркүйек – Sputnik.Владивостокта Шығыс экономикалық форумы (ШЭФ) өтіп жатыр.
3-6 қыркүйек аралығында 75 ел мен аумақтан шамамен 8,5 мың адам іс-шараға қатысты. Форумға ең ірі делегациялар Қытайдан, Моңғолиядан, Үндістаннан, Жапониядан және Лаостан келді.
Ресей президентінің кеңесшісі, ШЭФ ұйымдастыру комитетінің жауапты хатшысы Антон Кобяковтың айтуынша, форум аясында жалпы сомасы 6,51 трлн рубльге немесе 43 трлн теңгеге (80 млрд доллар) 353 келісімге қол қойылды. Коммерциялық құпия болып саналатын келісімдер бұл санға кірмейді.
Биылғы форум "Қиыр Шығыс – бейбітшілік пен өркендеу жолындағы ынтымақтастық" тақырыбына арналды.