Конго президенті елімізге мемлекеттік сапармен келеді

Оның сапары 9-10 қыркүйекке жоспарланған
Sputnik
АСТАНА, 6 қыркүйек – Sputnik Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 9-10 қыркүйек күндері Қазақстанға Конго президенті Феликс Чисекеди мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлады Ақорда.
Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіліп, екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективасы талқыланады.
Тоқаев Конго президентін елорда әуежайынан шығарып салды