Ұлытау облысында марихуана сатпақ болған екі адам сотталды

Сотталушылар 8 және 9 жылға бас бостандығынан айырылды.
Sputnik
АЛМАТЫ, 5 тамыз - Sputnik. Ұлытау облысында 16 кг есірткі затын заңсыз сақтап, тасымалдаған 2 адам сотталды, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
Жезқазған және Алматы қалаларының тұрғындары Ұлытау облысы аумағында адамдар тобымен алдын ала сөз байласып, аса ірі мөлшерде кептірілген марихуана есірткі затын өткізу мақсатында заңсыз сақтап, тасымалдаған.
"2 адамға қатысты Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ұлытау облысы бойынша департаменті Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігінің 1), 3) тармақтарымен тергеу жүргізіп, нәтижесінде қылмыстық іс сотқа жолданды", - дейді ведомство.
Жезқазған қалалық сотының үкімімен сотталушылар 8 және 9 жылға бас бостандығынан айырылды.
6 тонна есірткі: "Қарасора" операциясы кезінде қанша қылмыс ашылды