Шығыс Қазақстанға 25 сантиметр қар түсті

Инспекторлар табиғатты қорғау шараларын тұрақты қадағалап отыр
Sputnik
АЛМАТЫ, 5 қыркүйек – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай ауданындағы Мәметек мекенін қалың қар басты, деп хабарлайды Қатонқарағай ұлттық паркі.
Қатонқарағай ауданындағы Мәметек мекенін қалың қар басты
Ұлттық парк аумағында заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шаралар жүйелі түрде жүргізіліп жатыр.
"Инспекторлар аумақты бақылауды күшейтіп, табиғатты қорғау шараларын тұрақты қадағалап отыр. Мәметек мекенінде қардың қалыңдығы 20–25 см-ге жетті", - дейді ведомство.
Парк мәліметінше, патрульдік бақылау күшейтілді.