АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. Ресей үшін де, Украина үшін де қауіпсіздік кепілдігі әзірленуі керек, деді Ресей президенті Владимир Путин.
"Егер келісімдерге қол жеткізілсе, Ресей ол келісімдерді толығымен орындайтынына ешкім күмәнданбасын. Біз Ресей үшін де, Украина үшін де әзірленуі тиіс қауіпсіздік кепілдіктерін құрметтейміз", - деді Путин Шығыс экономикалық форумының пленарлық отырысында.
Ресей президенті Украина тарапымен кездесуге дайын екенін жеткізді.
"Мен украин тарапымен байланыстарға дайын екенімді бұған дейін де талай рет айтқанмын. Қытай сапарының қорытындысы бойынша Бейжіңдегі баспасөз мәслихатында мен бұл кездесуден мән көрмеймін деп те айттым", - деді Путин.
3-6 қыркүйек аралығында Владивосток қаласында оныншы Шығыс экономикалық форумы өтіп жатыр. Шараға 70-тен астам өңір мен елден қатысушылар келді.