Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресей президенті Украина делегациясымен кездесетін қолайлы орынды атады

Біз міндетті түрде жұмыс пен қауіпсіздік үшін жағдайды қамтамасыз етеміз, деді Ресей президенті
Sputnik
АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Шығыс экономикалық форумының пленарлық отырысында сұрақтарға жауап бере отырып Украина тарапымен кездесуге қолайлы орынды атады, деп хабарлады РИА Новости.
"Украина тарапы бұл кездесуді қалайды және осы кездесуді ұсынып отыр. Мен: "Мен дайынмын, келіңіздер" дедім. Біз міндетті түрде жұмыс пен қауіпсіздік үшін жағдайды қамтамасыз етеміз. Жүз пайыз кепілдік. Бірақ егер олар бізге: "Біз сіздермен кездескіміз келеді, бірақ сіздер анау жерге барыңыздар" десе, бұл біз үшін жіберілген шамадан тыс өтініш", - деді Ресей басшысы форумның пленарлық отырысында.
Путин Ресей Федерациясы мен Украинаның жоғары деңгейде кездесуі үшін Мәскеу ең қолайлы жер екенін айтты.
"Егер бізбен шынымен кездескісі келсе, біз дайынбыз. Бұл үшін ең қолайлы орын - Ресей Федерациясының астанасы, батыр қала - Мәскеу", - деді Владимир Путин.
3-6 қыркүйек аралығында Владивосток қаласында оныншы Шығыс экономикалық форумы өтіп жатыр. Шараға 70-тен астам өңір мен елден қатысушылар келді.
Ресей үшін де қауіпсіздік кепілдігі болуы керек - Путин