АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. Ресей Корей Халықтық Демократиялық Республикасында жаңа көпірлер салуды жоспарлап отыр, деп хабарлады Ресей президенті Владимир Путин.
Путин Қиыр Шығысты дамыту жоспарлары аясында қарастырылған жоабалар жайында айтты.
"Сонымен қатар алдағы жылы ашылуы тиіс Туманная өзені арқылы Корей Халық Демократиялық Республикасына апаратын жаңа көпірлердің құрылысы да жоспарда бар", - деді Путин Шығыс экономикалық форумның пленарлық отырысында.
Путин бұл көпір қай кезде ашылатынын да мәлімдеді.
"Корея Халық Демократиялық Республикасына апаратын және Туманная өзені арқылы созылатын көпір келесі жылы ашылуы керек", - деді Ресей басшысы.
3-6 қыркүйек аралығында Владивосток қаласында оныншы Шығыс экономикалық форумы өтіп жатыр. Шараға 70-тен астам өңір мен елден қатысушылар келді.