АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. РФ президенті Владимир Путин Шығыс экономикалық форумда Ресей мен Қытай арасындағы достық пен татулық жайында айтты.
"Төраға Си Цзиньпинмен біз 20 жыл бұрын осындай ауқымды бірлескен жұмысты бастадық. Бұл қазіргі жағдаймен байланысты емес, өзара ұлттық мүдделермен байланысты. Біздің экономикаларымыз бірін-бірі толықтырады. Біз көршіміз, біздің көптеген мүдделеріміз, ортақ көзқарастарымыз, ортақ құндылықтарымыз бар", - деді Путин форумының пленарлық отырысында.
Сонымен қатар ол Қытайдың ресейліктер үшін визасыз режим енгізуі күтпеген жаңалық болғанын айтты.
"Қытайдың саяси билігінің Ресей азаматтары үшін Қытай Халық Республикасының аумағына визасыз кіруі туралы шешім біз үшін күтпеген жаңалық болды. Біз алдын ала бұл туралы ештеңе білмедік", - деді Путин
Ресей президенті бұл шешім достық пен татулықтың белгісі екенін және Мәскеу мұны жоғары бағалайтынын жеткізді.
3-6 қыркүйек аралығында Владивосток қаласында оныншы Шығыс экономикалық форумы өтіп жатыр. Шараға 70-тен астам өңір мен елден қатысушылар келді.