АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. ЕЭК кедендік ынтымақтастық министрі Руслан Давыдов Шығыс экономикалық форумындағы "Қазіргі заманғы шекаралық инфрақұрылым – мемлекет үшін ең ұтымды инвестиция" сессиясында сөз сөйледі.
Іс-шарада ол ЕАЭО мемлекеттерінің шекараларында өткізу пункттерін жайластыру мәселесіне тоқталды.
"Еуразиялық экономикалық одақтағы өткізу пункттерінің физикалық және цифрлық инфрақұрылымын дамыту оларды үздік халықаралық стандарттарға жеткізу үшін қажет", - деп атап өтті Руслан Давыдов.
ЕЭК кедендік ынтымақтастық министрі Руслан Давыдов Шығыс экономикалық форумында сөз сөйледі
© Sputnik / Григорий Сысоев
/ Ол он минут ішінде шекарадан өтуге мүмкіндік беретін Ресейде әзірленген зияткерлік өткізу пункттерінің енгізілуін мысал ретінде келтірді.