Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ұлыбританияның қорғаныс вице-министрі Украина аумағына әскер кіргізу жайында айтты

Министрлік өкілі хабарлағандай, қазір ауқымды әскери жоспарлау жүріп жатыр
Sputnik
АСТАНА, 4 қыркүйек - Sputnik. Ұлыбритания әскері ықтимал бітімгершілік келісім жасалғаннан кейін ғана Украинаға орналастырылуы мүмкін, деді қорғаныс министрінің орынбасары Люк Поллард, деп хабарлады РИА Новости.

"Қазір ауқымды әскери жоспарлау жүріп жатыр. Біз қазір бейбітшілік орнаса, әскерді орналастыра алатын кезеңде тұрмыз", - деді ол Mirror газетіне берген сұхбатында.

Сонымен қатар Поллард Ұлыбританияның Украинаға әскери-техникалық қолдау көрсететін "ниеттестер коалициясындағы" жетекші рөлі және Ұлыбританиядағы қарулы күштерді реформалау жайында әңгімеледі.
Ұлыбританияда жаңа лейборист үкіметі билікке келгеннен бері елде әскери реформа жүргізіліп, қорғаныс шығындарын айтарлықтай арттырды және парламент алдында жауапты қарулы күштердің комиссары лауазымы құрылды.
Ресей сыртқы істер министрлігі Украинаға НАТО-ға мүше елдердің әскерлерін орналастыру Ресей жол берілмейтін шешім екенін және қақтығыстың күрт шиеленісуін алып келетінін мәлімдеді.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Ұлыбритания мен Еуроодақ Украинаға әскер жіберуді кейінге қалдырды