Тоқаев Қытай басшысына жеделхат жолдады

Sputnik
АСТАНА, 4 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпинге жеделхат жолдады, деп хабарлады Ақорда.
Президент Қытайға ресми сапары барысында қазақ делегациясына көрсетілген қонақжайлық пен достық ілтипат үшін төраға Си Цзиньпинге алғыс айтты.
"Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР басшысымен жүргізген келіссөз нәтижесін жоғары бағалап, екі елдің сан қырлы ынтымақтастығын одан әрі нығайту үшін күш-жігер жұмылдыруға дайын екенін жеткізді", - деп жазылған хабарламада.
Еске сала кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төраға Си Цзиньпиннің шақыруымен 30 тамыз – 3 қыркүйек күндері Қытай Халық Республикасында болды. Қазақстан президенті Тяньцзинь қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне және "ШЫҰ плюс" жиынына қатысты. Бейжіңге барып, онда Қазақстан – ҚХР Іскерлік кеңесінде сөз сөйлеп, Қытайдың ірі компания жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізді.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға мәртебелі мейман ретінде қатысты.
Тоқаев Бейжіңдегі әскери парадты тамашалады